Президент
Хатшылық
_19-01-2024_17-20-13.jpg)
Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова
Композитор, өнертану ғылымдарының докторы, Мемлекеттік басқару және халықаралық даму докторы (DBA),
философия ғылымдарының докторы (PhD), Жоғары аттестаттау комиссиясының профессоры,
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының құрметті мүшесі,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі - Рахметолла Райымқұлов, жазушы, анасы - Райымқұлова Мәкиза Дайырбайқызы филолог-ғалым.
1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының тарих-теория факультетін композиция және фортепиано мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дәрежесімен бітірген. 2010 жыл - Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясында білім алған.
А. Райымқұлова Өнертану Докторы, Мемлекеттік басқару және халықаралық даму ғылымдарының Докторы, Доцент, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, ЖАК профессоры.
1988 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, оқытушысы. 2001 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры, кафедра меңгерушісі.
2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер департаментінің директоры, 2016 жылдың
3 қазанынан бастап Мәдениет және спорт вице-министрі, 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.
2022 жылдың 6 сәуірінен 2023 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директоры қызметін атқарды.
2023 жылғы 3 қараша күні Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті отырысында Түркі мемлекеттері елдерінің Мемлекет басшылары қабылдаған шешімге сәйкес Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті қызметіне тағайындалды.
А. Райымқұлова «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2010 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтой медалі (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» медалі (2018 ж.), «Құрмет» (Почет) ордені (2018 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтой медалі (2021 ж.) және тағы басқа марапаттардың иегері.
Қазіргі таңда Райымқұлова ханымның 25 астам ғылыми еңбегі жарияланған. «Аспанкөші», «Saunds of time» , «Қозы көрпеш Баян сұлу» балеттерінің, «Толғау», «Дала сыры», «Жәмиля», «Асар» симфониялық поэмаларының, Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің бірлесіп шығарған «Астана-махаббатым менің» сериалының, «Періштеге хаттар» және көркем фильмдерге арналған саундтректердің композиторы 3 кантатаның, «Ежелгі тұран» симфониеттасының және тағы басқа 300-ден астам музыкалық шығармалардың, ғылыми еңбектердің, мерзімді басылымдарда жарияланған көптеген мақаланың авторы.